Өнеркәсіп - өңір тірегі

Өнеркәсіп - өңір тірегі

Алдағы жылдары, индустриялды - инновациялық дамудың екінші бесжылдығында Жаңақорған ауданында бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Ауданға шамамен 61 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Айтар болсақ, 2020 жылы 26,9 млрд. теңге, ал, 2021 жылдың 1 наурызына нақты көлем индексі 3,4 млрд. теңге, яғни 175 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 4,3 млрд. теңге бюджеттік қаражат көздерінен, 56,7 млрд. теңге жеке қаржы көздерінен жоспарланып отыр. Олар Шалқия кен байыту фабрикасының құрылысы, томат пастасын өндіру жобасы, керамзит, кірпіш және блок шығару жобасы, күн электр станциясы, құс етін өндіретін құс фабрикасының жобалары.
Үстіміздегі жылы өнеркәсіп саласы бойынша 280 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылатын болады. Атап айтсақ, жылына 3 млн. дана керамзит блоктарын шығару және күніне 50 мың дана кірпіш шығару жобалары. 30 тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.