
ҚР Үкіметінің 17.09.2025 жылғы
№ 754 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Грант беру шарттары
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне конкурстық іріктеу тәртібімен өтеусіз негізде беріледі.
Конкурстық іріктеуге бизнес-идеяларды іске асыру үшін әрбір кәсіпкер
бір бизнес-жоба бойынша қатыса алады.
Кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Міндетті шарт - кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде ақшалай қаражатпен, (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын жеке мүлкімен) қоса қаржыландыруы, жаңа жұмыс орындарын құру, бизнес-жобада инфрақұрылымның болуы (немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы).
Гранттың максималды сомасы – 5 млн теңге. Жобаны іске асыру мерзімі – 18 айдан аспайды.
Грант мына мақсаттарға пайдаланады:
алу;
шығыстар.
Грантты өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
18 ай ішінде кәсіпкердің қызметі жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал өткізіліп, бизнес-жобаны іске қосу және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.
Мемлекеттік грант қаражатын:
* негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (шарт/келісімшарт/ жабдық паспорты/сапа сертификаты) расталуға тиіс.
Кәсіпкердің бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (бұрын пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).
Мемлекеттік гранттар:
Өтінімдер кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (kezekte.kz цифрлық платформасына) арқылы қабылданады.
Тіркелу үшін – ЭЦҚ, ЖСН, тегін, атын және әкесінің аты (бар болса), байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы), банктік шот деректемелерін көрсетеді.
Кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай
құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және (немесе) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлға/жеке кәсіпкер қызметінің түрлері туралы, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар-жоғы туралы, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.
Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қате бар екені анықталса, кәсіпкер себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.
Кәсіпкер конкурсқа қатысу үшін өтінім дайындау және құжат жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.
Өтінім kezekte.kz цифрлық платформасына тіркелген кезден бастап
Құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді ұсынған немесе Қағида шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оларды кәсіпкерге пысықтауға қайтарады.
Кәсіпкер пысықталған құжаттар топтамасын конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалған мерзімнен кешіктірмей қайта жібереді.
Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы өзі таныстырады.
Бизнес-жобаны таныстыру кезінде конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.
Мемлекеттік грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында аудио немесе бейне жазба жүргізіледі, өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкер бұл туралы хабардар етіледі.
Жобаны бағалау 1-ден 10 балға дейін балл беру арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпкердің бір жобасы бойынша берілетін ең жоғары балл 70 (жетпіс) балды құрайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша комиссия мүшелері қойған балдар саны қосылып, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.
Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын өңірлік үйлестірушінің бірінші жазбаша хабарламасы бойынша, сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.