Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті
Облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде 3 инвестициялық жобаның мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «АА Агро Холдинг» ЖШС инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдіктерді қолдану мәселелерін көтерді.
Нәтижесінде, аталған мәселелер бойынша жауапты басқармаларға қолданыстағы заңнама аясында қарастыру және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, «Hongda Group» ЖШС экология мәселесіне қатысты сұрақ көтерді. Ал «Kyzylorda refinery» ЖШС қосымша мұнай көлемін бөлу және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Нәтижесінде салалық департаменттер мен басқармаларға мәселенің шешу жолдарын пысықтау тапсырылды.
Жалпы, штаб отырысында инвестициялық жобалардың мәселелерін жедел шешу және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатыны атап өтілді.