Бүгін облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің төрағалығымен «China Datang» және «AETOS SYSTEMS» компанияларының өкілдерімен жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында Қызылорда облысы аумағында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңірдің энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыру мәселелері талқыланды.
China Datang – Қытайдағы ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Компанияның орнатылған қуаты 210 ГВт-тан асады, оның ішінде 18,8 ГВт жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Компания «жасыл» энергетиканы дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
AETOS SYSTEMS – гибридті энергетикалық жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар толық циклді технологиялық интегратор болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірде ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдіріп, энергетика саласында ұзақ мерзімді әрі тиімді әріптестік орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.
Аталған бастамалар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.