Басқарма басшысы бірқатар инвестициялық жобалармен танысты

Басқарма басшысы бірқатар инвестициялық жобалармен танысты
Бүгін, басқарма басшысы Мөлдір Сұлтанбекқызы бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында кәсіпорындардың жұмыс процесі талқыланып, туындаған мәселелер пысықталды.
Алдымен «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасқан «Ayna Glass» ЖШС-нің айна шығару кешенінің қызметі қаралды. Жобаның инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 720 мың шаршы метр айна өндіреді. Өнімдер Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Көкшетау, Ақтау, Жаңаөзен және Қарағанды қалаларына жеткізіледі. Кәсіпорында 55 тұрақты жұмыс орны ашылған. Шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Orda Glass» шыны зауытымен келісімшарт жасалған.
Келесі, «Марал-Нұр» ЖШС жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу депосы. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 15,4 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында «Нұр-жол Әлем» серіктестігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан жолаушылар вагондарын жөндеуге құқық беретін шартты таңбалау нөмірі берілген. Жоба жақын арада іске қосылады.
Одан кейін, «Вега Пром» ЖШС газоблок өндіру зауытының құрылысы қаралды. Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда жабдықтар шетелден жеткізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны биыл іске қосу жоспарланған.
Сондай-ақ, оңтүстіккореялық «With You E&C» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау зауытының құрылысы таныстырылды. Жобаның алғашқы кезеңінде 7,5 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады.
Сұрыпталған қалдықтар кейін басқа өндірістер үшін шикізат көзі ретінде пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, пластикалық бұйымдар, қағаз және картон, алюминий өнімдерін өндіруге бағытталады.