Арнаулы комиссия әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қарады

Арнаулы комиссия әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қарады
Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында арнаулы комиссияның отырысы өтті.
Кәсіпкерлік кодекстің 79-3-бабына сәйкес, 2022 жылдан бері ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамтып, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге «әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесі беріліп келеді.
Комиссия әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімін 4 санат бойынша тоқсан сайын жаңартып отырады:
1-санат – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамту
2-санат – әлеуметтік осал топтағы азаматтармен өндірілген тауарлар мен қызметтерді өткізуге жәрдемдесу
3 және 4-санаттар – әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған өнім шығару немесе қызмет көрсету
Отырыста:
✔️ комиссия төрағасы сайланды, орынбасары мен хатшысы тағайындалды
✔️ 2025 жылдың қорытындысы бойынша тізілімді өзектендіру мәселесі қаралды
✔️ өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың өзекті бағыттары талқыланды
Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.