Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды

Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.
 
Штаб құрамына Президент Әкімшілігінің өкілдері, облыс прокуроры, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттер, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, кәсіпкерлер палатасы, салық органдарының басшылары қатысты. Штаб отырысының күн тәртібінде облыс бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды. Осы ретте, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева «Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы» бойынша баяндама жасады. Басқарма басшысы өз баяндамасында, биыл инвестициялық жобалар пулы аясында 54 жоба жүзеге асыру жоспарланып, жоба құнына байланысты жалпыұлттық және өңірлік пулға бөлінгендігін және жалпыұлттық пул аясында биыл іске қосылуы жоспарланған саны 27 жобаның 12-і іске қосылғандығын, қалған жобаларды жыл соңына дейін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
 
Сонымен қатар, штаб отырысында Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарының әкімдері инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша баяндама жасап, жобалардың ағымдағы ахуалына тоқталды. Жиын соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның облыс деңгейіндегі рейтингін жоғары деңгейде сақтау үшін тиісті жұмыстарды жүргізуді, платформадағы жобалардың «қызыл аймаққа» түспеуін қатаң бақылауға алуды және биыл іске қосылатын жобаларға жүйелі сүйемелдеу жүргізіп, олардың мерзімінде іске қосылуын қамтамасыз етуді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен қала және аудан әкімдіктеріне тапсырды.