
Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Электрондық пошта мекенжайы: upp@vmail.kz
Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, +7 (7242) 60-54-07.
Конкурстың нысанасы: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздарына мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (kezekte.kz цифрлық платформасы).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады. («Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» қағидаларына сәйкес)
Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы «20» қазаннан бастап 2025 жылғы «24» қазанына дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар берудің Қағидасымен төмендегі сілтемелерге өту арқылы таныса аласыз:
adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000754#z2383