Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданындағы шаруашылық басшыларымен жүздесті

Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданындағы шаруашылық басшыларымен жүздесті

Өңір басшысы Қармақшы аудандағы Жаңажол елді мекеніндегі орналасқан «Жаңажол» ЖШС-де бірнеше шаруашылық басшыларымен кездесті.

Жалпы Қармақшы ауданында ағымдағы жылы жалпы көлемі 25215 гектар алаңға егіс орналастыру жоспарлан. Су тапшылығына байланысты орналастырылатын күріш егісінің көлемін өткен жылмен салыстырғанда 500 гектарға азайтып, әртараптандыру дақылдарының, көкөніс және бақша дақылдарының көлемін арттырған. Атап айтқанда өткен 2020 жылы егістегі күріштің үлесі 59,6% құраса, биылғы жылы 52,1%-ға төмендетілген.

Күріш егісі бойынша бүгінгі таңда 11310 гектар дән себіліп, 9038 га суға бастырылды. Биылғы су тапшылығына байланысты күріш бастыру жұмыстары кестеге сай жүргізілмей келеді дейді шаруашылық басшылары.

Аймақ басшысы бұл мәселелер бойынша тиісті шаралардың атқарылып жатқанын айтты.