Кезекті рейдтік шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мектеп директорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Рейд барысында аудан орталығындағы ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, дүкендер мен кафелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің жолын кесу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түнгі 23:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынатыны нақты жеткізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.