Аяқ су мәселесі – басты назарда

Аяқ су мәселесі – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А. Әнуар Жосалы кентіндегі аяқ су арықтарының жағдайымен танысып, саябақтар мен көшелерге аяқ судың жеткілікті баруын бақылады.

Өткен жылы, елді мекендердегі саябақтарды, көшелерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен 11 су ұңғымалары (скважина) қазылған.

Қазіргі таңда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында саябақтарды, аллеяларды жасыл желекке айналдыру жұмыстары қарқынды жүруде.