Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша семинар-кеңес өтті

Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша семинар-кеңес өтті

Бүгін аудандық жыраулар үйінде аудан әкімінің орынбасары Ш. Сыдықовтың төрағалығымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е. Әбдірахманов, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің орынбасары М. Умербаева, аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің, қызыналық кәсіпорындардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

Жиында «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы А. Иманкуловтың, «Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері» туралы Ж. Қалиевтің, «Қамералдық бақылау нәтижелері және мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін бұзушылықтар мен заңнамадағы өзгерістер» туралы С.Ержанұлының, «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелері» туралы Г. Өмірзақованың, «Мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері» туралы М. Құрақбаевтың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, семинар барысында қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан тұшымды жауаптар берілді.

Семинар қорытындысымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына есепші мамандарды арнайы курстардан оқытып, біліктілігін арттырып отыру қажет екендігі ұсынылды.