Қармақшыда Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Қармақшыда Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Патриоттық іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан ардагерлері, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар және мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталған іс-шарада аудан басшысы сөз алып, елдігіміздің белгісі саналған рәміздерді құрметтеу туралы сөз қозғап, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздіктің тұмары Рәміздер күні құтты болсын! Көк байрағымыз еркіндікте желбіресін! Мерекеде сіздердің отбасыларыңыздың амандығын тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, – деді аудан әкімі.

Одан соң, іс-шара аясында патриоттық әндер шырқалып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мемлекеттік Ту көтерген автошеру де жиынға ерекше сән келтірді.