Қармақшыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Қармақшыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты іс-шараға қатысып, балаларды құттықтады.

– Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті. Балаларымыз лайықты тәрбие алсын, бос уақытын пайдалы өткізсін деген мақсатпен ауданда қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатыр, болашақта да жалғасын таба бермек. Елдегі барлық игіліктер де жас буынның кемел келешегі үшін жасалады, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі мерекелік іс-шара барысында Жосалы кентіндегі №183 мектепке және Төретам кентіндегі №269 мектепке 2 жаңа автобустың кілтін табыстады.

Одан соң, орталық алаңда бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 1000-ға жуық балаларға балмұздақтар таратылып, ойын-сауық (батут) құралдары тегін қызмет көрсетті.