Тұрғындарды жеке қабылдау өтті

Тұрғындарды жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауда азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту салаларына қатысты болды.

Аудан әкімі қабылдауға келген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдай келе тұрғындардың әрқайсысына жеке-жеке жауап беріп, айтылған мәселелерге байланысты заңдылығына сәйкес жұмыс жасау үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.