Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы» аудандық орталық аурухананың және аудандық білім бөлімінің, «2022 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы» аудандық полиция бөлімінің баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.