Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, газ, жол жөндеу және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты болды.

Қабылдауға келген тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдаған аудан әкімі тұрғындардың әрқайсысына жеке-жеке жауап беріп, айтылған мәселелерге байланысты заңдылығына сәйкес жұмыс жасау үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді