Аудан әкімі Байқоңыр қаласына және Төретам, Ақай елді мекендеріне жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі Байқоңыр қаласына және Төретам, Ақай елді мекендеріне жұмыс сапарымен барды

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Байқоңыр қаласына және Төретам, Ақай елді мекендеріне жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен, құрылысы жүріп жатқан Байқоңыр қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің және Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Нысандарды аралау кезінде аудан басшысы құрылысқа жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтау жөнінде ұсыныстарын айтты.

Одан соң, аудан әкімінің жұмыс сапары Төретам кентінде жалғасып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы күрделі жөндеуден өткен №85 орта мектептің жай-күйімен танысты.

№85 орта мектеп 600 оқушыға арналған, қазіргі таңда 2 ауысыммен 567 оқушы білім алуда. Мектеп ғимаратын аралау барысында аудан әкімі балалардың кедергісіз, жан-жақты білім алуы үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін жеткізді.