Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы

Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабында жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.

Атап айтқанда, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі (113-бабының 1-тармағы).

Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті (113-бабының 2-тармағы).

Егер, жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Бұл ретте, жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады (113-бабының 3-тармағы).

Яғни, еңбек ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы көзделген.

Атап айтқанда, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі –  лауазымды адамдарға – 30 (91 890 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 (183 780 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 (306 300 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 (459 450 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Кодекстің 87-бабының 1-бөлігі).

Аталған әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – лауазымды адамдарға – 60 (183 780 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80 (245 040 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 (459 450 теңге),  iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 (612 600 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Кодекстің 87-бабының 2-бөлігі).