Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – іс қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – іс қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары кент, ауылдық округі әкімдері бейне байланыс арқылы қосылып отырды.
Мәжілістің күн тәртібінде Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының және Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы ауыл әкімі Д.Ахметов пен бөлім басшысы Д.Ержановтың хабарламалары тыңдалды.
Сонымен қатар жиын барысында комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына алдағы уақытта талап пен бақылау күшейетіндігі айтылды.
Жиын қорытындысымен аудан басшысы арнайы хаттаммалық тапсырмалар жүктеп, орындалуы басты бақылауда болатындығын жеткізді.