Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Кеше аудан әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары және кент, ауылдық округі әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылып отырды.
Отырыстың күн тәртібінде аудан жастары арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарының барысы, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің атқарып жатқан жұмыстарына аудан тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар қорытындысы және Қармақшы ауданы аумағындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізі бойында орналасқан ауылдық округ әкімдерінің жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарып жатқан шаралары туралы мәселелер қаралды.
Жиында аудан басшысы қоғамда құқық бұзушылықпен күресуді тұрақты жүргізуіміз керек екенін, құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмауға немқұрайлы қарау – ол әр түрлі қылмыстарға жол ашуға бірден-бір себеп екенін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан бойынша 2022 жылғы 8 айдың қорытындысына сәйкес, жалпы қылмыстар саны былтырғы жылмен салыстырғанда азайғанын атап өтті.
Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселелерге байланысты комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.