Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Кеше аудан әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан әкімінің қабылдауына 11 жекелеген азаматтар келіп, өздерінің өтiнiш-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдау барысында Жосалы кентінің тұрғыны Б.Шорманова тұрғын үйінің алдына газ тарту ШРП-сы қойылмағанын жеткізді. Осы ретте аудан әкімі Жосалы кентін газдандыру жұмыстары 2019-2021 жылдар аралығында атқарылғандығын, газдандыру барысында 200-ге жуық тұрғын үй жобадан тыс қалып қойғандығын, қазіргі уақытта жаңа жоба әзірлеу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлу бағытында жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндірді.
Одан соң «Сайым ата» шаруа қожалығының басшысы С.Бәйменов мемлекеттен ұзақ мерзімге уақытша пайдалануға «Шүлен» көлін алғанын, қазіргі таңда сол көл аумағындағы жерін рәсімдегісі келетінін жеткізді. Бұл орайда аудан басшысы заңдылыққа сәйкес тиісті мүмкіндік қарастыруды сала басшысына тапсырды.
Сондай-ақ қабылдауға келген басқа да азаматтар жұмыссыздық мәселесі, тұрақты жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, табиғи газға қосуға көмек беру мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов әрбір тұрғынның талап - тілектерін тыңдап, өтініштердің орындалуы бойынша заңдылыққа сәйкес тиісті жұмыс жасауды сала басшыларына жүктеді және жеке қабылдауда айтылған талап-тілектер мен өтініштердің орындалуы өз бақылауында болатынын жеткізді.