Ақай – алдыңғы қатарлы ауыл

Ақай – алдыңғы қатарлы ауыл
Байқоңырдың іргесінен орын тепкен алақандай Ақай ауылы – тірлігін түзетіп, дамудың даңғылына түскен елді мекен. Бүгінде тұрғындар қуанышы еселеніп, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы да алдыңғы қатарға шыққан. Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов пен аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов бастаған топ аталған ауыл халқымен кездесті.
Биыл Ақай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенің құрылысына «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында қаражат қаралса, бүгінде құрылыс жұмыстарының қарқынын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ешқандай аудан, ешбір ауыл мемлекет назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Алда да атқарар сан мың іс бар» деді Әділбек Бөрібайұлы.
«Ақай ауылы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 көшеге жол жөндеу жұмыстарының қаржысын бөлу қолдау тауып отыр. Сондай-ақ, Төретам-Ақай айналма жолына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаражат қаралып, сметалық құны анықталғаннан кейін қаржыландыруға ұсынылатын болады» деді Ә.Ерсұлтанов.
Бұдан бөлек, елді мекенде абаттандандыру, құрылыс салаларында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Аудан әкімі кездесуден соң тұрғындарды жеке қабылдады.