Қармақшы ауылының дамуы қарқынды

Қармақшы ауылының дамуы қарқынды
Аудан аттас ауылдағы негізгі табысты бағыт – мал шаруашылығы. Төрт түлігін сайлаған елдің бүгінде кәсібі алға жылжығаны байқалады. Ауылдағы елдің қолында екі мыңнан астам ірі қара, 800-ге жуық жылқы 5 мыңға тарта уақ мал болса, түйенің саны 700-ге жетіп қалды. Алақандай ауыл осылайша ауданның мал басының артуына атсалысып келеді. Әділбек Бөрібайұлы мен Әділ Үсенұлы бастаған зиялы қауым шағын елді мекеннің де халқымен жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдады.
«Аудандағы төрт түлік мал басы санының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылып ұсынылды. Оның ішіндегі 1 су ұңғымасы Қармақшы ауылдық округінің аумағында.
«Көбіне мал шаруашылығын қолға алған елді мекеннің биылдан бастап көкөніс, бақша өнімдерін егуді қолға алғаны қуантады. Сондықтан, алдағы уақытта бұл істің ауқымын арттырған сайын азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлкен сеп болар еді. Тұрғындардың бақшалардан алынған өнімдерді «Алқаптан сөреге дейін» тізбегін дамыту бағытында жергілікті өнімдерді делдалсыз сату үшін арнайы орындар әзірленді» деді Ә.Ерсұлтанов.
Қармақшы ауылдық округінде құрылыс жұмыстары да қарқынды қолға алынған. Қармақшы ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, №13 "Балбөбек" балабақшасының қазандық ғимаратының құрылысы" жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Қарқынды тірлікке бастаған қармақшылықтар кездесу соңында аудан әкіміне мәселелерін жеткізді.