Аудан басшысы елді мекендердің тыныс-тыршілігімен танысып, халықпен жүздесті

Аудан басшысы елді мекендердің тыныс-тыршілігімен танысып, халықпен жүздесті
Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ауданға қарасты Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.
Халықпен кездесу жиындарына аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттары, бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі ауыл халқы алдында 2022 жылдың өткен мерзімінде жасалған жұмыстарды баяндап, алдағы күндері атқарылатын істерді пысықтады.
Аудан әкімінің сөзінен кейін ауыл тұрғындары аудан басшысына сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Елді мекен тұрғындарының талап-тілектерін тыңдаған аудан басшысы барлық сұрақтарды саралап, тиісті жауабын айтты. Сондай-ақ, ауданға қарасты елді мекендердегі проблемалық мәселелермен жіті таныс екенін және олардың шешу жолдарын қарастырып жатырғандығын жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын алаңдатқан егінге су жеткізу және жайылымдық жерлерді дайындау мәселелерін ауыл шаруларымен бірлесе отырып талқылап, алдағы уақытта шешімін табатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.