Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл
Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтановтың халықпен кездесуі бірлігі жарасқан көп ұлтты мекен – ІІІ Интернационал ауылдық округінде жалғасты.
Есепті кездесуде аудан әкімі тұрғындарға 2022 жылдың өткен мерзімінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Атап айтқанда, өткен жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар көшелер жөнделіп, ауылды абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Биылғы жылы «НТК» арнасының тапсырысы шеңберінде түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ауылдың бет-бейнесі мен тыныс тіршілігін насихаттау мақсатында арнайы кинофильм түсірілуде. Кездесу соңында аудан басшысы жоба авторларымен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудан басшысы жергілікті шаруашылықтың жылыжай жұмыстарымен танысты. Одан бөлек, егістік басына арнайы барып, ауыл шаруалармен сұхбаттасты.