Аудан басшысы Жаңажол ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан басшысы Жаңажол ауылы тұрғындарымен кездесті
Кеше аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы ауданға қарасты елді мекендердің бірі Жаңажол ауылында болып тұрғындармен жүздесті.
Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізіп, көтерілген мәселелер өзектілігіне қарай оң шешімін табатынын айтты.
Сонымен қатар, аудан басшысы жергілікті шаруашылық төрағасына агроаймақтардың көлемін ұлғайтуға, бақша-көкөніс дақылдарын егуге басымдық беруге ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ, іссапар барысында «Газаблок» өнімдерін шығаратын цех жұмысымен танысты.