Аудан әкімінің халықпен кездесулері Алдашбай ахун ауылында жалғасты

Аудан әкімінің халықпен кездесулері Алдашбай ахун ауылында жалғасты

Кездесуде аудан басшысы 2022 жылдың 4 ай қортындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық қортындылары мен алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде нақты әрі қысқаша тоқталды. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің атқарылған жұмыстарын тыңдап,көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жауабын алды. Ауылы халқы негізінен егін шарушылығымен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан болар бірінші кезекте жайылымдық және егін шаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған шабынды жерлерге аяқ су мәселесінің жетіспеушілігі туындап қалмас үшін басты назарда болу керек екендігін сала басшыларына тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы ауылға сапары барысында жеке кәсіпкер Е.Тоғызбаевтың су үнемдеу технологиясымен 5 гектар жерге қауын- қарбызды жабында егу тәсілімен егілген егістік жұмыстарымен танысып қайтты.