Назым сөздің шебері — Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі

Назым сөздің шебері — Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі
Биыл ауданда Сыр сүлейі, ақын, назым сөздің шебері — Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмек. Бұл туралы аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың Дауылкөл ауылы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Одан бөлек аудан басшысының халықпен басқосуында ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты мен өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Үстіміздегі жылдың 15 мамыр күні оқыс оқиға орын алып, ауыл мешітінің имамы Алдашбаев Мінуардың тұрғын үйі өртенген болатын.Сапар барысында аудан әкімі аталған үйде болып, көңілі құлазыған отбасына рухани қолдау көрсетіп,көңіл білдірді.Сондай-ақ талай сауапты істің басынан табылған ел азаматы «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Пірмантаев зардап шеккен отбасыға қаржылай (3 млн. теңге) қолдау көрсететінін жеткізді.