Аудан әкімі Қуаңдария ауылының тұрғындарымен жүздесті

Аудан әкімі Қуаңдария ауылының тұрғындарымен жүздесті
Бүгін аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы аудан орталығынан шалғай орналасқан Қуаңдария ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі оң өзгерістер мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың жағдайы және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі жайлы сөз қозғады.
Жиында тұрғындар өз кезегінде аудан әкіміне ауылға аяқ су жеткізу мақсатында «Бақанды» каналын қазу, мал азығы бағаларын тұрақтандыру сияқты өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Аудан әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдай келе тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, Заң аясында мәселелердің шешілу жолын қарастыратынын жеткізді.