Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды

Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды
Бүгін ауданда «Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісінің иегері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Спорт додасының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас шаршы алаң шеберлеріне сәттілік тіледі.
Турнирге Алматы облысы, Алматы қаласы және Қызылорада облысының, барлық аудандарынан және Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан 150 жас былғары қолғап шеберлері қатысуда.