Аудан басшысы Въетнам соғысының ардагерін мерекемен құттықтады

Аудан басшысы Въетнам соғысының ардагерін мерекемен құттықтады
Аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы 80 жасты еңсерген Въетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтің отбасында болып, Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, сый-сияпат тапсырды.
Аудан әкімі ардагерге Въетнам жеріндегі жанқиярлық ерлігі мен бейбіт өмірдегі еселі еңбегі үшін алғысын білдіріп, ізгі лебізін жеткізді.
Өз кезегінде майдангер ардагер мерекемен құттықтап келген аудан басшысына және ардагерлерге ризашылығын білдірді.