Аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жандос Еркінбекұлын басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.
Жиында аудан әкімі Жандос Еркінбекті қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өтіп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Қармақшы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Жандос Еркінбек өз кезегінде сөз алып, әріптестеріне және барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдірді.