Қармақшы ауданына жаңа имам тағайындалды

Қармақшы ауданына жаңа имам тағайындалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің Бас имамы қызметіне Тобжанов Өміржан Жұмаділдәұлы тағайындалды.
Ауданға арнайы келген Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы осы уақытқа дейін ауданда Бас имамдық қызметті абыроймен атқарған Әбенов Жақсыбек Әбиұлына 4 жылға жуық уақыт ішінде атқарған табысты еңбегіне алғысын жеткізіп, ауданымыздың ең жоғарғы марапаты Қармақшы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған имамға елдің рухани игілігін еселеудегі жұмыстарына табыс тіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы Жақсыбек Әбиұлы мен Өміржан Жұмаділдаұлын жаңа қызметтерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Айта кетейік, Әбенов Жақсыбек Әбиұлы Қызылорда облысының бас имамының орынбасары қызметіне тағайындалды.