Қармақшыда «Covid-19» инфекциясының алдын-алу бойынша мәжіліс өтті

Қармақшыда «Covid-19» инфекциясының алдын-алу бойынша мәжіліс өтті
Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен «COVID-19» инфекциясының алдын-алу мақсатында шұғыл мәжіліс өтті.
Мәжілісте «COVID-19» инфекциясына байланысты аудандағы ахуалды аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Нысанбаев баяндады.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Дүйсембаева білім саласындағы қауіпті індетке қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев тиісті сала басшыларына және кент, ауылдық округ әкімдеріне қауіпті індеттің алдын-алу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, вакцинация, ревакцинация бойынша түсіндірме жұмыстарын күшейту және мониторингтік топтардың қызметін жүйелі түрде үйлестіру міндеттерін жүктеді.