Алтын дән-2021: ауылшаруашылық саласының үздіктері марапатталды

Алтын дән-2021: ауылшаруашылық саласының үздіктері марапатталды
Аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы күзгі егін науқаны жұмыстарын қорытындылайтын «Алтын дән – 2021» мерекелік іс-шарасына қатысып, дала еңбеккерлеріне құрметін жеткізді.
Салтанатты іс-шараға мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбеккерлері, бұқаралық ақпарат құралдары және ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аудан басшысы өтпелі қиындықтарға қарамастан ел қамбасын астыққа толтырып, мол өнім алуда қажырлы еңбек еткен шаруа қожалықтарының басшыларына алғысын білдірді.
Іс-шарада күріш дақылынан жоғары өнім алған «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС, «Тұрмағамбет» ЖШС – ІІІ дәрежелі дипломмен, «Жаңажол» ЖШС, «Достық жер МК» ЖШС – ІІ дәрежелі дипломмен «Ақтөбе и К» ЖШС – І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, биылғы жылы мол табысқа жеткен ауылшаруашылығы озаттары мен сала қызметкерлері марапат төрінен көрінді.