Қармақшыда Сұлтан Сармолдин атындағы облыстық байқау басталды

Қармақшыда Сұлтан Сармолдин атындағы облыстық байқау басталды
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданының мәдениет саласында жарты ғасырдан астам уақыт басшылық жасаған, өнер жанашыры, мәдениет қайраткері, ардагер Сұлтан Сармолдин жүлдесі үшін «Үздік жас маман-2021» мәдениет саласының жас қызметкерлері арасында облыстық байқау басталды.
Облыстық байқаудың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Жандос Қойшыбаев сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сұлтан Сармолдиннің жүлдесі үшін биыл ІV рет ұйымдастырылып отырған байқауда Қызылорда қаласынан және облысқа қарасты 7 ауданның жас өнерпаздары бақ сынайды.
Сондай-ақ, аталмыш байқау аясында Сұлтан Сармолдиннің өмір жолы мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.