«Үздік аудан» атандық

«Үздік аудан» атандық
Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызының қатысуымен өткен «Алтын дән – 2021» іс-шарасында ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ 2021 жылдың қорытындысымен егін шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «ҮЗДІК АУДАН» номинациясын иеленді.
Сондай-ақ, айтулы іс-шарада «Ақтөбе и К» ЖШС директоры – Іздібаев Нұрлан, «Жаңажол» ЖШС егіс бригадирі – Әбжалиев Сағат, «Ертілеу» ШҚ маманы – Сәрсенбаев Рүстембек «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОЗАТТАРЫ» ретінде марапат төрінен көрінді.