Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік кеңесі өтті

Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік кеңесі өтті
Аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлының төрағалығымен Кәсіпкерлер Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында Төретам кентінің жеке кәсіпкері Жаппасбаев Ерланның күн электр станциясын пайдалануға беру, жылыжай және аквопоникалық кешенін ашу жобаларына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Талқыланған жобалар төмендегідей қызмет атқаратын болады:
1-ші жоба: Күн электр станциясы энергияны өндірудің баламалы көздерін дамытуға мүмкіндіктер береді. Мұндай энергия көздері экономикалық жағынан тиімді және экологияға еш зиянын тигізбейді. Кәсіпкердің иелігіндегі өндірістік базасында орналастырылған құны 9,0 млн теңгені құрайтын, қуаттылығы 30 кВт күн электр станциясының өнімі халық игілігіне жұмсалатын болады.
2-ші жоба: Кәсіпкердің жоспарында ауданы 600 шаршы метр болатын аскөк (укроп, салат жапырағы, көк жуа т.с.с.) өсіруге арналған жылыжай құрылысы аудан және Қызылорда облысының нарығын өніммен қамтамасыз ететін болады.
3-ші жоба: Аквапоникалық кешенде африка жайынын және гидропоникалық әдіспен көкөніс, аскөк өсірілетін болады. Өндірілген өнімді Қызылорда облысының нарығына шығару жоспарлануда.
Аудан әкімі осы жобаларды іске асыруға қолдау көрсету мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берді.