Қармақшыда мәуліт мерекесі тойланды

Қармақшыда мәуліт мерекесі тойланды
Аудандық «Қармақшы ата» мешітінде адамзаттың ардақтысы, Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күніне арналған Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Рухани шарада аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы жиналған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Бірнеше ғасырдан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты – Мұхаммед Пайғамбарымыздың діни ілімін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, адамгершілікке шақыру.
Шара барысында «Ел үлесі пәтерге» жобасының негізінде 1973 жылы туған азаматтар баспанаға мұқтаж кент тұрғынына пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Мәуліт мерекесіне арналған жиында Пайғамбарымызға салауаттар айтылып, діни уағыздар тыңдалды. Іс-шара арнайы ас берумен жалғасты.