Ұстаздарға кұрмет көрсетілді

Ұстаздарға кұрмет көрсетілді
Бүгін аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы ұстаздар күніне арналған «ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК» атты салтанатты жиынға қатысты.
Мерекелік шараға білім саласының қызметкерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, мұғалімдер мен жас педагогтар шақырылды.
Айтулы мерекеде аудан басшысы еңбегімен елдің құрметіне бөленген педагогтарды құттықтап, ұстаздардың жұмысын жоғары бағалайтынын жеткізді.
Салтанатты рәсімде білім саласына елеулі үлес қосқан тәжірибелі ұстаздарға түрлі деңгейдегі марапаттарды табысталды.
Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.Тұрымтаева Қызылорда облысы бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» төсбелгісімен, №277 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі А.Байтуреева «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен, №108 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Д.Байрахтарова «ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.
Мұнан бөлек, 2 педагогқа – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2 педагогқа – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Құрмет грамотасы, 8 педагогқа – облыс әкімінің алғысы, 12 педагогқа – аудан әкімінің алғысы табысталды.
Әрі қарай, салтанатты рәсім арнайы концерттік бағдарламамен жалғасып, төл мереке иелері үшін аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, ұстаздарға деген ыстық ықыластарын білдіріп, мерекелік тарту жасады.