Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
«World cleanup Day», яғни бүкіләлемдік тазалық күніне орай еліміздің барлық аумағында өткізіліп жатқан «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясына қармақшылықтар да өз үлестерін қосты.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, оны ластамауға шақыру.
Акцияға ауданнан 700-ден астам адам қатысып, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар 2 кент, 12 ауылдық округтегі көшелерді, парк, аллеяларды, орталық алаңдарды тазалады.