Аудан әкімі Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады

Аудан әкімі Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады
Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде.
Қармақшы өңірі де спорт саласында талай қыранды түлетіп, елдің байрағын желбірететін ерлерді шығаруда.
Осы ретте, бүгін аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы әлем және азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады.
Аудан әкімі елдің туын биікке көтеріп, әлемдік ареналарда әнұранымызды ойнатып жүрген жігерлі, жалынды спортшыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кету керек, 2021 жылы аудан спортшылары Қазақстан Республикасы біріншіліктері мен чемпионаттарында 12 - алтын, 11 - күміс, 10 - қола медальды жеңіп алса, Әлем біріншілігінен 2 қола, Азия біріншілігінде 3-қола, Азия Кубогында 3-қола, Әлемдік Гран-при турнирінде 3-алтын, 3-қола медальды жеңіп алды.
Жерлестеріміздің спорттағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!