Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қармақшыда жедел штаб отырысы өтті

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қармақшыда жедел штаб отырысы өтті
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Омаровтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті.
Жиынға аудандық прокуратура басшысының орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен жедел штаб мүшелері тиісті сала мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала мамандарының аудан көлемінде Covid-19 індетінің жаңа штамм түрінің алдын алу мен бүгінгі күні атқарылған жұмыстары сараланды.
Жедел штаб отырысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров коронавирус инфекциясымен күресті күшейтуді және тұрғындардың вакцина алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісті сала басшыларына қатаң түрде орындауды жүктеді.
Емханалар мен ауруханада карантиндік шараларды қатаң сақтауды, емханада екі айлық дәрі – дәрмек қорының болуын қамтамасыз етуді, тұрғындар арасында бетперде тағуды және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан ауру ошағы анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыруды және саудан орындарында гигиеналық сақтандыру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
Жедел штаб отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары көпшілік жиналатын орындарға күнделікті күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды ұйымдастыру күшейтуді, рейдтік жұмыстарды жүргізу кезінде облыстық бас санитардың 2 шілде 2021 жылғы №18 қаулысының талаптары бұзылған жағдайда заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.