Қармақшыда «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушылары марапатталды

Қармақшыда «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушылары марапатталды
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушыларын қабылдады.
Кездесуде аудан басшысы ұлағатты отбасылар құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
-Отбасы біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің артуына ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес. Отбасы – қоғамы¬ның дің¬гегі, экономикадағы, мәдениет¬тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Отбасының қалыптасуы, қоғам¬ның қалыптасуына тікелей байланыс¬ты, - деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Кездесу барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы К. Раева сөз алып, әр бала атаның қаны¬¬мен, ананың сүтімен келетін қа¬сиеттер сияқты ұлттық рухани құн¬дылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретінін атап айтып, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы¬¬ның кепілі екенін жеткізді.
Кездесудің қорыдындысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері өнегелі отбасыларға диплом номинацияларын табыстап, сый-құрмет көрсетті.