Қармақшыда 674 мектеп бітірушіге аттестат тапсырылды

Қармақшыда 674 мектеп бітірушіге аттестат тапсырылды
Бүгін аудан көлеміндегі барлық білім ұйымдарында мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталып жатыр. 11 жыл білім алған шәкірттер "Алтын белгі", "Үздік аттестат" алып, мектептерімен қоштасуда.
Биылғы жылы Қармақшы ауданындағы білім беру ұйымдарында 674 мектеп бітірушінің 565-і (84%) Ұлттық біріңғай тест тапсырып, аудан бойынша 83,01 орташа баллдық көрсеткішке қол жеткізді.
Аудан бойынша мектеп бітірушілердің 63-і «Алтын белгі» төсбелгісін қорғап шығып, 25 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.
Сонымен бірге биылғы жылы 4 оқушы жалпы пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаларда «үздік» атанып, жоғары көрсеткіштер көрсетсе, халықаралық және республикалық байқауларға қатысып жоғары нәтиже жеткен 7 оқушы еліміздегі таңдаулы жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алып, білімдерін шыңдайтын болады.