Қармақшыда Чернобыль апатына қатысқандар марапатталды

Қармақшыда Чернобыль апатына қатысқандар марапатталды
Қармақшы ауданының әкімдігінде Украина жеріндегі осыдан 35 жыл бұрын болған Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтармен кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров жүргізіп, ардагерлерге ізгі лебізін жеткізіп құрмет көрсетті.
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға Қармақшы өңіріненде жерлестеріміз қатысып, ерен ерліктің үлгісін танытқан болатын.
Бүгінгі қабылдауда сөз алған аудан әкімінің орынбасары
- Адамзат тарихындағы техногендік апаттың зардабын жоюға қатысқан аудан азаматтарына ерен ерліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Отан үшін от кешіп, бауырмалдығы мен ерлікке толы қаһармандық істері жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке - бірлік тілеймін,- деді Ж. Омаров.
Жиын соңында Чернобылдегі апатты жоюға қатысқан жерлестерімізге аудан әкімінің алғыс хаттары мен медальдар табысталды.