«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылады

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылады
2021 жылдың І жартыжылдығында барлық мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілмек. Аталған жүйе азаматтардың өтінішін мемлекеттік органдарға жеткізу уақытын қысқарта отырып, пошталық сервистерді пайдаланбау мүмкіндігін береді.
Осыған орай, «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы шеңберінде өзара әрекет ету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау тәртібін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасында орналасқан Орталық арқылы «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырылатын болады.
Айта кету керек, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органдарда 1 шілдеге дейін «е-Өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі мен «Нәтиже» орталықтарын ашуды тапсырған болатын.
Жоба азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын жедел ден қоюға, бюрократия мен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлықты жоюға толықтай мүмкіндік береді.
Бұл электрондық жүйе арқылы мемлекеттік органдармен бірге ХҚКО мен Қазпошта бірлесіп жұмыс жасайды. ХҚКО-ры жоқ жерлерде Қазпошта арқылы қызмет ұсынылады деп жоспарлануда.