Қармақшыда «Nur Otan» партиясының конференциясы өтті

Қармақшыда «Nur Otan» партиясының конференциясы өтті
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлының төрағалығымен аудандық партия филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Карантиндік санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен жиынға
Саяси кеңес, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Конференцияныӊ күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019 – 2020 жылдарында атқарылған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, аудандық партия филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Скендіров Айдынбек Айтбайұлы, «Жосалы» бастауыш партия ұйымының атқарылған жұмыстары туралы БПҰ төрағасы, ауыл әкімі Білжанов Әлімбай Махмұтұлы және «Jas Otan» Жастар Қанатының атқарылған жұмыстары туралы аудандық бөлімшесінің төрағасы Бекматов Нұрасыл Жасұланұлы қосымша баяндамалары тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының құрамын сайлау туралы;
Конференцияның күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелерге байланысты аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының құрамы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайланды.
Конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.