Аудан әкімінің орынбасары арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен шалғай ауылдарды аралады

Аудан әкімінің орынбасары арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен шалғай ауылдарды аралады
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев шалғай елді-мекендер Т. Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Дауылкөл ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.
Кездесудің мақсаты ауылдық елді мекендерде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады.
Еркін форматта өткізілген жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы «Бұл жұмыстарды ұйымдастырудағы себебіміз кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтардың сауалдарына жауап беру, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеру, әрбір отбасына кәсіппен айналысуға жағдай жасау, ауданымызда мал шаруашылығын дамыту мен орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Бүгінгі кездесу Сіздер үшін табысты бизнес ашудың бастамасы болып, әрбір идеяларыңыздың жүзеге асуына бірлесе жұмыс жасаймыз», - деді.
Сонымен бірге кездесуде аудан әкімінің орынбасары қазіргі таңда жаңа кәсіп ашып айналысқысы келетін тұрғындарға мемлекеттік қолдау шаралары жайлы нақты айтып өтті.
Осы ретте ауыл тұрғындарына арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері мемлекеттік бағдарламаларды оның ішінде «Бизнес - Бастау», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы -2025», «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» т. б. бағдарламалары тұрғындарға түсіндірілді.
Тұрғындармен кездесуге аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е. Әбдікеров, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә. Омаров, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры О. Мұнарбаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы О. Бодыбаев, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Б. Бәйділдаев және қаржы ұйымдарынан «Қорқыт- Елі» несие серіктестігінің менеджері Е. Көбесов, Қызылорда қаласынан арнайы келіп «Өңірлік қаржылай қолдау орталығы» несие бөлімінің бас сарапшысы Д. Анасбаев қатысып, шағын кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында тұрғындарға жеңілдетілген несие шарттарын және қайтарымсыз грант түрлерін түсіндірді.
Сонымен қатар кездесу барысында көтерілген тұрғындардың сауалдарына сала басшылары тұщымды жауаптарын берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев әрбір сала бойынша ұсыныстар жинақталатынын жеткізіп, тұрғындардың сауалдарын тиісті сала басшыларына заң аясында қарастыруды тапсырды.